Жаңбыр мен қар: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Sarbaz.kz редакторы
13/09/2023 - 23:33

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қазгидромет синоптиктері 14-16 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Үш күнде республиканың басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады, жаңбыр жауады.

Бүкіл кезең бойы - шығыста, 14-15 қыркүйекте - солтүстікте, 15-16 қыркүйекте - батыста, 16 қыркүйекте - еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Үш күн бойы республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жауын-шашын болады. Жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 3-10, күндіз 13-20, оңтүстік жартысында түнде 7-15, күндіз 18-25 градус жылы.

×

Редакция

$ 488.45  529.19  5.04