Елімізде МИБ төрағасын енді онлайн түрде қайта сайлауға болады

Қазіргі уақытта шамамен 25 мүлік иелері бірлестігі электронды түрде тіркелген

Sarbaz.kz редакторы
13/09/2023 - 16:40

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Енді тұрғындар мүлік иелері бірлестігінің төрағасын қол жинамай-ақ қайта сайлауға, үйді басқару бойынша жылдам шешімдер қабылдауға мүмкіндік болады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының мәселелері бойынша бірқатар түйткілді мәселелерді шешу мақсатында Әділет министрлігі «Управдом» ЖШС-мен бірлесіп, биылғы наурыз айынан бастап тұрғындардың қолдарын онлайн жинауды, дауыстарды автоматты түрде санауды, кворумды есептеуді және электрондық хаттаманы қалыптастыруды көздейтін «МИБ цифрландыру» жобасын іске қосты.

«Қазіргі уақытта шамамен 25 МИБ электронды түрде тіркелген. Бұл жоба МИБ қызметінің ашықтығын, алаяқтық әрекеттерді болдырмауды, үйді басқару кезінде процестерді автоматтандыруды, қағаз құжат айналымын жоюды көздейді», - делінген Әділет министрлігінің ақпаратында.

Электрондық дауыс беру бойынша жоғарыда аталған тетікті қолдана отырып, барлық қазақстандыққа «МИБ төрағасын ауыстыру» қызметі қолжетімді.

МИБ төрағасын ауыстыру үшін авторизациядан өту, дауыс беруден өту, жаңа төрағаны таңдауы қажет. Осы шарттар орындалғаннан кейін МИБ төрағасы автоматты түрде қайта сайланады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91