ТЖМ құтқарушылары ата-аналарды балаларын қадағалап жүруге шақырады
ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері 10 жасар қыздың қолын құтқарды. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жазатайым оқиға 10 шілде күні түстен кейін Қарасай ауданындағы Көксай ауылында болған. 10 жастағы қыз абайсызда қолын көлік пен тіркеме арасындағы темір жалғағышқа қойған. Саусақ қысылып қалып, бірден ісіп кеткен.
Уақытында жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы кескіш құралдардың көмегімен қыздың саусағын босатып алды.
ТЖМ құтқарушылары ата-аналарды балаларын қадағалап жүруге шақырады.