Елімізде қазіргі уақытта 11 мыңға жуық адамға іздеу жарияланған – Бас прокуратура

Көбінесе 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады

Sarbaz.kz редакторы
12/09/2023 - 15:29

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың ішінде 2 176 адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

  • Алматы қаласы – 287;
  • Қарағанды облысы – 221;
  • Павлодар облысы – 170;
  • Алматы облысы – 167 тіркелген.

Көбінесе 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

  • Үйден кетіп, оралмаған – 1 634 адам,
  • автокөлікпен жоғалған – 74,
  • жұмыстан кеткен – 36.

Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестіріліп жатыр.

Іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:

  • Алматы қаласында – 514;
  • Астана қаласында – 185;
  • Шымкент қаласында – 155;
  • Алматы – 143;
  • Қарағанды облыстарында 140 адам іздестірілуде.

«Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске саламыз», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 443.16  480.39  4.94