«Тіл – татулық тірегі»: Қонаев горнизонында тіл мәртебесіне арналған іс-шаралар өтті

Солардың бірі Абай Құнанбайұлының 178 жылдығына арналған

Sarbaz.kz редакторы
11/09/2023 - 23:12

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде өткен «Тіл – татулық тірегі» атты айлық аясында 58012 әскери бөлімінде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесін және маңызын кеңінен насихаттау мақсатында бірнеше іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Солардың бірі Абай Құнанбайұлының 178 жылдығына арналған «Кемел ойдың кемеңгері» атты дәріс оқылып, өлеңдері мен әндері жатқа айтылып, Абай атамыздың өмір жолдары мен шығармашылығын еске алу кеші өткізілді.

«Абай Құнанбайұлы – өмірдің философиясын өлеңмен өріп, қара сөзімен жеткізген, һәкім Абайдың даналығы сан толқынды тәрбиеледі. Оның шығармалары, оның ойы бүгін де, ертең де талай ұрпаққа азық болады.

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдиновтің өткен өмір жолы мен қызметі туралы таныстыру сабағы өткізілді, Талғат атамыздың қиыншылыпен өткен өмір жолдары, мектеп пен аэроклубтағы сабағына үлгеруі, сонымен қатар жұмыс істеу, нақтырақ айтқанда аш-жалаңаш болса да, бар қиыншылықтарды еңсергені, тағдырдың  тәлкегіне мойынсұнбай алға қойған армандарына қол жеткізгені туралы ақпарат жеке құрамға түсіндіріліп жеткізілді.

Ғұлама, ойшыл аса көрнекті ақын, философ, тарихшы, композитор Шаһкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған Шаһкәрімнің өмірі мен шығармашылығы бойынша танымдық сабақ өткізілді. Абайдың басшылығымен және өз бетінше іздену нәтижесінде Шаһкәрім сол замандағы қазақ арасындағы ең ғұлама адамдардың бірі болып шығады. Түрік, араб, парсы тілдері ғана емес, орыс тілінде жетік білген, классикалық шығыс поэзиясын, орыс және европа әдебиетінің озық үлгілерін терең түсіне оқумен шектелмей, философия мен дін тарихына қатысты еңбектерді де қадағалап отырған», - дейді 58012 әскери бөлімі маман (мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі) ҚР ҚК қызметшісі Б.Өтеева.

Ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Алаш қозғалысының қайраткері Мағажан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін» атты әдеби кеш өткізілді. Мағжан ғалым, тәжірибелі шебер оқытушы асқан методист-педагог. Педагогика жайында және қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту жайында жазған кітаптары мен мақалалары өте көп.

«Біздің мақсатымыз бөлім жеке құрамына ақын жазушыларымыз бен батырларымызды өткен өмір жолдары және шығармашылығымен таныстыру, солардың көрген қиыншылықтарын, тілге, білімге деген құштарлықтарын, ешқандай жағдай жасалмаса да өздері іздеп, сұрап жүріп білімдерін жетілдіргені, өмірді сүйе білуі, Өз Отанына, еліне, жеріне деген перзенттік адалықтарын дәріптеу болатын. Қазақ елі бар да біздің батырларымыз бен ақын жазушыларымыз бізбен бірге мәңгі жасайтынына мен кәміл сенемін», - дейді Б.Өтеева.

Осы жоғарыда көрсетілген іс-шалардың бәріне әскери қызметшілер белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Бөлім басшылары барлық қатысқан әскери қызметшіге өз ризашылықтарын білдірді.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41