Туған қызын зорлап келген: Алматыда ер адам 20 жылға сотталды

2023 жылғы 16 тамызда сот үкімі шықты

Sarbaz.kz редакторы
11/09/2023 - 20:43

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Алматыда өзінің туған қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігімен тіркелген қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеді.

«Іс жүргізу материалдарында 1979 жылы туған М.есімді азамат 2021 жылдан бері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсіп, моральдық зиянмен қоса, денсаулығына да зиян келтіргені анықталды. Екі жылдан кейін қыз бала бұл туралы анасына айтқан. Ал анасы өз кезегінде полицияға арызданған.

ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес М.есімді азамат дереу уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Содан кейін сот оны қамауға алуға санкция берді. Күдіктінің кінәсі бірқатар сараптамалық зерттеулермен, жәбірленуші қыздың түсініктемесімен және тергеу әрекеттерімен дәлелденді», - деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

2023 жылғы 16 тамызда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М.есімді азамат ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, жуырда Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап өлтірген адам өмір бойына сотталғанын хабарлаған болатынбыз.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91