Әлеуметтік желілерде Әділет министрлігі атынан жалған ақпарат таралған

Алаяқтар Әділет министрлігінің ескі эмблемасын қолданған

Sarbaz.kz редакторы
08/09/2023 - 18:59

Әлеуметтік желілерде алаяқтардың Әділет министрлігінің ескі эмблемасы қойылған қолма-қол ақша қаражатын сақтау жөніндегі есептілік туралы ақпараттың жалған екенін министрлік ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құжатта көрсетілген Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың қолы емес. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қазақстандықтардан өзге тұлғаларға дербес ақпараттарын бермеуді сұрайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар Әділет министрлігінің 119 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу қажет», - делінген Әділет министрлігі таратқан ақапаратта.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91