AHS Krab: Польшада шығатын атыс қаруының күші қандай?

Польша бұл техниканың 10 данасын шілде айында Украинаға жіберген болатын

Sarbaz.kz редакторы
08/09/2023 - 18:31

Польша Премьер-министрі Матеуш Моравецкий ел үкіметінің жаңа AHS Krab техникасын қаржыландыру ниеті бар екенін жариялады. Сонымен бұл техниканың қандай артықшылықтары бар? Sarbaz.kz осы сауалға тоқталып өтпек.

Польша бұл техниканың 10 данасын шілде айында Украинаға жіберген болатын.

AHS Krab – 155 мм калибрлі, ұңғысының ұзындығы 52 калибрлі польшалық өздігінен жүретін гаубица. Бұл қару Польша әскеріне 2010 жылы қабылданған. Мәліметтерге сүйенсек, бастапқыда Zakłady Mechaniczne Bumar-Laabędy шығарған модернизацияланған OBRUM UPG-NG шассиі және лицензияланған британиялық AS90 / 52 мұнарасы негізінде жасалған.

Польшаның құрлықтағы күштерінде жаңа алыс қашықтыққа атылатын артиллериялық жүйені енгізу идеясы 1990 жылдардың басында пайда болды. Талдау нәтижесінде осы уақытқа дейін қолданылған 152 мм калибрлі зеңбіректердің орнына НАТО стандарттарымен үйлесімді 155 мм калибрлі қару таңдалды. Оның оқ ататын ұңғысының ұзындығы 52 калибр (L/52) деп алынды.

Шетелдік әріптестермен бірлесе отырып, мұндай қаруды Польша да құрастырып шығарды.

Бұл гаубица поляк артиллериясының негізгі соққы күші болып саналады. Мылтықтың тактикалық және техникалық сипаттамалары мынандай:

  • Тиімді атыс қашықтығы – 30 километр;
  • максималды атыс қашықтығы – 40 километр;
  • атыс жылдамдығы - минутына алты мәрте ату;
  • бөлек оқтау;
  • максималды жылдамдық – сағатына 67 шақырым;
  • орташа жылдамдық – сағатына 30 шақырым;
  • круиздік қашықтық – 400 километр;
  • экипаж – бес адам;
  • салмағы - 48 тонна.

AHS Krab құрамында 12,7 мм WKM-B ауыр пулемет және төбесінде орнатылған K-10T көздеуіш бар. Гаубица қалыпты жағдайдан ұрысқа дайындалуына 30 секунд қана кетеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08