Қытай компаниясы еліміздің мұнай-газ саласында жаңа жобаларға қатысады

Энергетика саласы бойынша ынтымақтастық жоғары қарқынмен дамып келеді

Sarbaz.kz редакторы
08/09/2023 - 15:28

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Sinopec компаниясының президенті Юй Баоцай мұнай-газ саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Sarbaz.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет басшысы Sinopec компаниясының тікелей қатысуымен елімізде бірқатар маңызды жобаның жүзеге асқанын, оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытын модернизациялауды атап өтті.

Сондай-ақ ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру қажеттігін атап өткенін еске салды. Атап айтқанда, мұнай-газ химия өндірісін жедел дамыту міндеті қойылды.

Өз кезегінде Sinopec компаниясының басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласы бойынша ынтымақтастық жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл, өз кезегінде, екі ел халықтарының әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосуда.

Бұдан бөлек, Sinopec президенті мұнай-газ саласындағы қазақстандық мамандардың кәсіби тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91