Оқиға орнында арнайы комиссия құрылып, іс тергеліп жатыр
Қарағанды облысында «Өркен» ЖШС шахтасында 39 жастағы кенші қаза тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Кәсіпорынның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенер болсақ, қазір оқиғаның себебі әлі анықталып жатыр. Оқиға орнында арнайы комиссия құрылып, іс тергеліп жатыр.
«Өркен-Атасу» ЖШС кеніште жазатайым оқиға болғанын айрықша өкінішпен хабарлаймыз. Қаза тапқан 1984 жылғы ұңғымашының отбасына барлық қажетті қолдау көрсетіледі», - делінген хабарламада.
Болған жайттың егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ.