Қазақстанда екінші деңгейлі тоғыз банк таратылады: тізім жарияланды

Құжатта банк саласының проблемалары атап көрсетілген

Ұлас Үсенбай
10/07/2023 - 17:41

Көрнекі фото ашық дереккөзден

Көрнекі фото ашық дереккөзден

Қазақстанда таратылатын екінші деңгейлі тоғыз банктің тізімі жарияланды. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталы жазды, деп хабарлайды Sarbaz.kz

Құжатты талқылау 26 шілдеге дейін жалғасады.

Құжатта банк саласының проблемалары атап көрсетілген. Нақтырақ тоқталар болсақ:

  • Біріншісі – банктерде және микроқаржы ұйымдарында көрсетілетін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың тұтынушыларға жеткіліксіздігі. Сондай-ақ тұтынушының мінез-құлық ерекшеліктерін ескермей қызметтер көрсетілген.
  • Екінші мәселе – мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға және басқа да төмен топтарға қаржылық қызметтер алуға шектеу қойылған.
  • Үшінші мәселе – қаржы ұйымдарының басшыларына қатысты кадр саясаты, негізгі қызметкерлерді неғұрлым мұқият іріктеу және әрекеттері қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға немесе банкроттыққа әкеп соқтырған тұлғалардың басшылық лауазымды атқару мүмкіндігін шектеу. Дәлел ретінде басшыларының әрекетінен зардап шеккен қаржы ұйымдарының статистикасы келтірілген.

«Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында екінші деңгейдегі 21 банк жұмыс істейді. Сонымен бірге тарату процесінде 9 банк бар. 2022 жылдың басынан бастап агенттік (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі – Ашық НҚА.) екінші деңгейлі банктің басшы қызметкері лауазымына 13 кандидатты қоюдан бас тартты», – делінген құжат жобасында.

Лицензиясынан айырылып, таратылып жатқан банктер:

  • Валют-транзит банкі;
  • Қазинвестбанк;
  • Delta Bank;
  • Эксимбанк Қазақстан;
  • Астана Банкі;
  • Qazaq Bank;
  • Tengri Bank;
  • AsiaCredit Bank;
  • CapitalBank Kazakhstan.
×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91