Шымкентте түнгі клубқа барған жастардың шұлығынан есірткі табылды

Олар түнгі клубтың кіреберісінде ұсталды

Sarbaz.kz редакторы
07/09/2023 - 17:53

Шымкентте полицейлер түнгі клубқа келушілердің шұлықтарынан есірткі тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Рейдтік іс-шаралар барысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы түнгі клубтардың бірінің кіреберісінде тыйым салынған заттар бар деген күдікпен екі жасты тоқтатқан.

Тексеру нәтижесінде 22 жастағы бойжеткеннен ұнтақты заты бар шағын полиэтилен пакеті табылды. Тәртіп сақшылары дәл осындай ұнтақты оның 19 жастағы досынан да тапты. Олар есірткінің бір реттік дозасын қолданып көру мақсатында шұлықтарына жасырған.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16