Қазақстан мен Әзербайжан: қорғаныс саласының идеолог мамандары тәжірибе алмасты

Шетелдік қонақтар Ұлттық қорғаныс университетінде болды

Sarbaz.kz редакторы
07/09/2023 - 15:49

Сапар аясында Әзербайжан Республикасы Қорғаныс ведомствосының өкілдері бірқатар әскери мекемелерде болып, Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің қызметімен танысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Шетелдік қонақтар Ұлттық қорғаныс университетінде болды. Әскери оқу орнында меймандар үшін экскурсия және біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасымен таныстыру ұйымдастырылды.

«Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Әзербайжан әскерилерімен Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары полковник Ермиян Бятов кездесті. Ол қонақтарға Департамент қызметінің негізгі бағыттары, оның құрылымы, қолданыстағы мемлекеттік-құқықтық дайындық жүйесі, психологиялық қызмет, ақпараттық, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар туралы айтты.

Полковник Ермиян Бятов әзербайжандық әріптестеріне «Астана – мәдениет керуені» халықаралық әскери оркестрлер музыкалық фестиваліне шығармашылық ұжымының қатысқаны және «Айбын-2023» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Әзербайжан командасының өнер көрсеткені үшін алғысын білдірді», - делінген хабарламада.

Дәстүр бойынша қонақтар ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына барып, елорданың көрікті жерлерімен танысты.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41