Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
07/09/2023 - 15:33

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Президент жеделхатында Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы маңызды әрі сенімді серіктесі екеніне назар аударып, дәстүрлі достық рухындағы ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті», - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдіріп, Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, барша Бразилия халқына құт-береке тіледі.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85