Мемлекет басшысының жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Бүгінге дейін Президент баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарып келді

Sarbaz.kz редакторы
06/09/2023 - 23:16

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының баспасөз қызметшісі лауазымына Нұрмұхамед Байғараев тағайындалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Нұрмұхамед Байғараев «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған (MSc of Project Management).

Бірқатар баспасөз басылымдары мен электронды БАҚ-та жұмыс істеген, «Айқын» газетінің бас редакторы, «Егемен Қазақстан» басылымында бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

Әртүрлі жылдарда «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарында продюсер, сценарист және жүргізуші ретінде еңбек етті. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ сараптама және стратегиялық даму департаментінің директоры және «Қазақ радиолары» ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Бүгінге дейін Президент баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4