Қазақстанда қанша ғалым еңбек етіп жүр?

1990-2000 жылдар аралығында Қазақстан 30 мыңнан астам ғалымынан айырылған

Sarbaz.kz редакторы
06/09/2023 - 22:24

Фото: Sputnik

Фото: Sputnik

Қазіргі уақытта Қазақстанда ғылым саласында еңбек ететін 22 мыңнан астам маман бар. Мұндай деректерді Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгінде елімізде 22 456 ғылыми кадр бар. Бұл – өткен жылымен салыстырғанда 839 адамға көп. Зерттеушілердің 37 пайызы ғылыми және академиялық дәрежеге ие. Атап айтқанда, ғылым докторы – 1 743, ғылым кандидаты – 3 945, философия докторы (PhD) – 2 460 және бейіні бойынша доктор – 96 адам. Сондай-ақ, зерттеушілердің 46 пайызы немесе 10 327 адам – 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар. Ал 31 пайызы немесе 6 950 адам – 41-54 жастағылар болса, 23 пайызы (5 179 адам) – 55 жастан асқан ғалымдар», - дейді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Айта кетейік, жуырда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 1990-2000 жылдар аралығында Қазақстан 30 мыңнан астам ғалымынан айырылғанын мәлім еткен.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41