Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды», - делінген Президент Жарлығында.
Ғабит Сыздықбеков 1980 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
- Еңбек жолын 2004 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі қызметінен бастаған.
- 2005-2006 жылдары – ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы; ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы.
- 2006-2007 жылдары – ҚР СІМ Кеңсесі баспасөз қызметінің үшінші хатшысы; екінші хатшысы.
- 2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының аппаратында түрлі лауазымдарды атқарған.
- 2011-2012 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы.
- 2012-2017 жылдары – Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі.
- 2017 жылғы тамызда ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі болды.
- 2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі.
- 2019 жылғы мамырдан бастап қыркүйекке дейін – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
- 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
- 2021 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
- 2023 жылғы ақпаннан осы уақытқа дейін Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болды.