ҚР ТЖМ: Газ баллоны орнатылған 670-тен астам жүргізуші жауапқа тартылды

Барлығы 600-ден астам рейд жүргізілді

Sarbaz.kz редакторы
05/09/2023 - 18:49

Газ баллон жабдықтары орнатылған автокөліктердің 670-тен астам иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ ІІМ-мен бірлесіп үш күндік «ГАЗБАЛЛОН» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Барлығы 600-ден астам рейд жүргізілді, қорытындысы бойынша 679 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс-шара барысында 10 мыңнан астам адамға және тікелей 6 мыңнан астам жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетсек, газ отынымен жүретін автокөліктерді жабық паркингтерде қоюға тыйым салынған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91