Жаңа Экология министрі тағайындалды

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
05/09/2023 - 16:48

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Жаңадан Экология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын», - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

  • Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.
  • 2014-2019 жж. – ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі;
  • 2019-2021 жж. – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды;
  • 2021-2023 жж. – Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2023 жылдың наурызынан бастап Астана қаласы әкімінің кеңесшісі.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4