«Қазақстан барысы» атанған сарбаз Ғалымжан Қырықбайға Тараздан пәтер берілді

Ал оның жаттықтырушысы Бақтияр Ақбергеновке 2 млн теңгенің сертификатын тапсырды

Sarbaz.kz редакторы
07/07/2023 - 19:16

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі «Қазақстан барысы» атанған қатардағы сарбаз Ғалымжан Қырықбайға пәтер кілтін табыстады. Бұл туралы Sarbaz.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Таразда Астана күніне орай ашық аспан астында «Еңселі Елордам» атты мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиында бас қаланың жетістігі, өткені мен бүгіні туралы видео-ролик көрсетіліп, белгіленген жерлерде спорт шаралары ұйымдастырылды.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов жиналғандарды елорданың 25 жылдығымен құттықтады.

Нұржан Нұржігітов өз сөзінде жуырда ғана өткен республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде жеңімпаз атанып, жерлестерінің мерейін асырған Ғалымжан Қырықбайдың жетістігін айрықша атап өтті.

41 балуанның ішінен үздік шығып, еліміздің бас балуаны атанған спортшыға Тараз қаласынан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстап, марапаттады.

Ал оның жаттықтырушысы Бақтияр Ақбергеновке 2 млн теңгенің сертификатын тапсырды.

Айта кетейік, Астанада өткен «Қазақстан барысы» турнирінде Ғалымжан Қырықбай бас жүлдені жеңіп алған болатын.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85