Беларусь шекарасына жақын: НАТО Литвада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Оған одаққа мүше сегіз мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр

Sarbaz.kz редакторы
04/09/2023 - 22:28

Фото: REUTERS | Ints Kalnins

Фото: REUTERS | Ints Kalnins

Литвада НАТО-ның ауқымды оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жаттығуларға Литва армиясының инженерлік бөлімшелері, сондай-ақ Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Латвия, Польша, АҚШ, Чехия және Эстония инженерлік күштерінің өкілдері қатысады»", - делінген хабарламада

НАТО-ның жаттығулары 4-15 қыркүйек аралығында өтеді. Оқу-жаттығу шеңберінде саны 900 адамнан асатын әскери контингент жұмылдырылды.

«Оқу-жаттығудың мақсаты инженерлік бөлімдердің өзара іс-қимылын пысықтау, әскери операциялар кезінде маневрлік бөлімшелерге инженерлік қолдау көрсету болады», - делінген хабарламада.

Жаттығудың негізгі эпизодтары Беларусь шекарасына жақын орналасқан Пабрададағы (Швенченский ауданы) Литва армиясының орталық полигонында, сондай-ақ Руднинкай елді мекенінің жанындағы полигонда өтеді. Жаттығу сценарийі Вильнюс, Йонава және Швенчен аудандарының, сондай-ақ Каунас қаласының азаматтық аумақтарында әскери инженерлік әрекеттерді қарастырады. Әскерилер имитациялық оқ-дәрілер мен пиротехникалық құралдарды пайдаланатын болады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91