Украинада 60 жасқа дейінгі әйелдер мобилизациялануы мүмкін – БАҚ

Әскерге өзге мамандықтағы әйелдер өз қалауы бойынша тіркеле алады

Sarbaz.kz редакторы
04/09/2023 - 18:49

Көрнекі фото: Украина қорғаныс министрлігі

Көрнекі фото: Украина қорғаныс министрлігі

Украинада әйелдерді әскери есепке алу ерікті түрде жүргізіп келеді. Алайда, 2023 жылдың 1 қазанынан бастап медицина және фармацевтика қызметкерлері әскери комиссариаттарға тіркелуі міндетті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РБК-Украина басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар әскерге өзге мамандықтағы әйелдер өз қалауы бойынша тіркеле алады.

Айта кетерлігі, әскери міндетті әйелдерге де ерлермен бірдей міндеттер жүктеледі. Олар әскери есепке тұруы, қызметке дайындықтан өтуі, тіркеу/тұрғылықты жері, отбасылық жағдайы, мүгедектігі және т.б. өзгергені туралы әскери комиссариаттарға хабарлауға міндетті.

Егер олар жасы (60 жасқа дейін) және денсаулық жағдайы бойынша қызметке жарамды болса, тіркелуі мүмкін. Оны әскери-дәрігерлер комиссиясы анықтайды.

Аумақтық шақыру пунктінде әскери есепке жазылуға болады. Ол үшін төлқұжатпен, медициналық білім туралы дипломмен және жұмыс орнынан анықтамамен келу керек.

Сондай-ақ оқыңыз

×

Редакция

$ 498.51  522.84  4.81