ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып Тимур Сүлейменов сайланды

Осыған дейін бұл лауазымнан Ғалымжан Пірматов босатылған

Sarbaz.kz редакторы
04/09/2023 - 16:13

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Парламент Сенатының жалпы отырысында Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, өткен аптада Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты бірқатар лауазым иесі қызметінен босатылды болатын.

Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылған еді.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16