Өрттің алдын ала себебі - найзағай түсуден деп болжанды
Бүгін сағат 06:55-те «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдардың арқасында ауыздықталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жалынның жалпы аумағы - 4,7 га. Өрттің алдын ала себебі - найзағай түсуден деп болжанды.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы 6 шілдеде сағат 16.10-да 112 пультіне Баянауыл ауданында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ашық алаңда құрғақ шөптер мен бұталардың өртенгені туралы хабарлама түскен.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары - 6 қызметкер мен бір техника, орман шаруашылығынан 23 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар 7 техника, сондай-ақ бір ұшақ бар.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.