Үш адам қаза тапқан өрттің себебі темекі болуы мүмкін - ТЖМ

Оқиға бүгін түнгі сағат 01:25-те елордада болған

Админ
03/09/2023 - 19:38

gov.kz

gov.kz

Астана қаласының Өрт сөндіру қызметіне Титов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген уақытта екіпәтерлі тұрғын үйде 70 ш.м. алаңда өрт болып жатты. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 1970 жылы туған ер адамды құтқарып, орташа дәрежедегі улы газдан улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді. 

Өрт сөндірушілер барлау және өртті сөндіру барысында 1983 және 1970 жылдары туған екі ер адамның және 1971 жылы туған әйелдің денесін тапты. 

Өрт сағат 02:55-те толығымен сөндірілді. 

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. 

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды сұрайды. Сөндірілмеген сіріңке, темекі және басқа да от көздерін қалдырмаңыздар.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07