2 қыркүйекке арналған ауа райы

«Қазгидромет» РМК қыркүйектің 2-сі күнгі күн райы болжамын жариялады

Админ
02/09/2023 - 15:03

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Тек елдің батысында, оңтүстігінде күн ашық, жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша найзағай ойнап, жел соғады, бұршақ жауады. Республиканын оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақаталады.

Орталықта, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85