Жаңа оқу жылы: Қорғаныс министрі әскери педагогтардың алдына міндеттер қойды

Министр оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамын білім күнімен құттықтады

Sarbaz.kz редакторы
01/09/2023 - 22:11

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Бірінші қыркүйекте қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов бейнеконференцбайланыс режимінде «2030 жылға дейінгі әскери білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы аясында әскери кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдері және 2023-2024 оқу жылына арналған міндеттер туралы» тақырыбында сабақ өткізді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оған Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің басшылық құрамы, Ұлттық қорғаныс университетінің, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының және әскери колледждердің бастықтары қатысты.

Министр оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамын білім күнімен құттықтады. Ол мемлекет пен ел Президенті Қазақстан армиясына жан-жақты қолдау көрсетіп, жас ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасап жатқанын атап өтті.

«Жоғары оқу орындары мен колледждердің қызметі әскери іс бойынша берік білім алуға бағытталуы тиіс. Бұл платформасыз біз ештеңеге қол жеткізе алмаймыз. Офицер, келісімшарт бойынша әскери қызметші, басқарушылық қызметтің қарапайым дағдылары жоқ, бөлімшелерді басқара да, оқыта да және тәрбиелей де алмайды», – деді министр.

Ол сондай-ақ жоғары кәсіби маманды оқыту мен тәрбиелеуде бөлімшелер, взводтар, роталар, батальондар, полктер, бригадалар, құрамалар командирлерінің рөлін атап өтті.

«Бүгін, жалпы алғанда, жауынгер-патриоттың жеке басын қалыптастыруға үлкен әсер ететін педагогтар күні. Армияның қалыптасуы соларға тікелей байланысты», – деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Сабақты қорытындылай келе, Қорғаныс министрі әскери оқу орындарының алдына жаңа 2023-2024 оқу жылына бірқатар міндеттер қойды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91