Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
01/09/2023 - 15:06

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті және Өзбекстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

– Біздің халықтарымыздың түпкі мүдделерін, ғасырлар бойғы достық және тату көршілік дәстүрлерін негізге ала отырып, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға басымдық беремін. Біз ортақ күш-жігерді біріктіре отырып, бауырлас халықтарымыздың өркендеуі және Орталық Азияның тұрақтылығы мен игілігі үшін көпжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4