Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Абаевқа тапсырмалар берді

Дәурен Абаев жуырда Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалған

Sarbaz.kz редакторы
05/07/2023 - 21:54

Фото: Akorda.kz

Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Дәурен Абаевты қабылдады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса маңызды екенін атап өтті.

Президент екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма берді.

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22