Шымкентте үш жасар баланың қолы ет тартқышқа қысылып қалды

Дәрігерлер мен құтқарушылар бірлесіп ота жасады

Sarbaz.kz редакторы
31/08/2023 - 17:50

Сайрам елді мекеніндегі №3 Шымкент қалалық ауруханасында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың қолын электр ет тартқыштан босату бойынша бірегей операция жүргізді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қалалық ауруханадан «112» құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолын электр ет тартқыштың қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Дегенмен дәрігерлер баланың қолын шығарып ала алмады, құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Ата-анасының айтуынша, бала электр тартқышпен жұмыс істеген кезде қасында болған. Құтқарушылар операцияны дәрігерлермен бірге жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен ет тартқыштың корпусын мұқият кесіп, қолын босатты, бұл сәтте баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған.

Қазіргі уақытта бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында реанимация бөлімінде.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91