Танк, барлау дрондары: Германия Украинаға кезекті қару-жарақ пакетін жіберді

Германия биыл Украинаға 5 млрд еуро көлемінде көмек көрсетеді

Sarbaz.kz редакторы
31/08/2023 - 16:52

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Германия үкіметі Украинаға Leopard 1 танктері бар кезекті әскери көмек пакетін тапсырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жаңа траншқа мынадай әскери технологиялар кірді:

  • Leopard 1A5 танкі – 10 дана;
  • TRML-4D радиолокациялық жүйесі;
  • Vector барлау дрондары – 16 дана;
  • 8x8 HX81 және жартылай тіркеме – 4 данадан;
  • Атыс қаруына арналған 13 миллион оқ-дәрі;
  • далалық аурухана.

Жақында Германияның қаржы министрі Кристиан Линднер ел үкіметі Украинаға 2027 жылға дейін жыл сайынғы әскери көмекке 5 миллиард еуро кепілге бергенін мәлімдеді. Енді қаржыландыру туралы шешімді Германия Парламенті мақұлдауы керек.

Германия тарапынан Украинаға алдағы уақытта қандай көмек көрсетіледі?

Украинадағы жағдай басталғаннан бері Берлин Украинаға 22 миллиард еуро көлемінде түрлі көмек көрсетті.

Атап айтқанда, 2022 жылы Украина 2 миллиард еуроға әскери қолдау алды, ал 2023 жылға тағы 5 миллиард еуро жоспарланып отыр. Берлин жіберген қару-жарақтың қатарына Leopard 1 танктері, PATRIOT ұшыру қондырғылары және IRIS-T әуе қорғанысы жүйелері кіреді.

Жалпы, 2027 жылға дейін Германия Украина үшін шамамен 17 миллиард еуро көлемінде әскери көмек бөлуге тырысады.

Сонымен қатар, осыған дейін Германия Қорғаныс министрлігі зақымдалған 2А5 және 2A6 модификациясындағы Leopard танктері Германияда және мүмкін Литвада жөнделетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, Украинадан келген Leopard 2 танкіне қызмет көрсету орталығы 23 шілдеде поляктың Гливице қаласында жұмысын бастады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85