Мемлекет басшысы Малайзияның Жоғарғы билеушісіне құттықтау жеделхатын жолдады

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
31/08/2023 - 16:24

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы – Малайзияның Жоғарғы билеушісі Сұлтан II Абдулланы құттықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазақстан мен Малайзияны түрлі саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған берік серіктестік қатынастар байланыстырады. Екі елдің мүддесін көздейтін көпжақты іс-әрекеттерімізді нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын екенімді білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы билеушінің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4