Бүгін Астанада терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

9 сағат 00 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін жоспарланып отыр

Sarbaz.kz редакторы
29/08/2023 - 15:13

Фото: ҚР Терроризмге қарсы орталық

Фото: ҚР Терроризмге қарсы орталық

Бүгін Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі. Бұл туралы Sarbaz.kz елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап хабарлайды.

«29 тамызда 9 сағат 00 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның мақсаты – жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою бойынша міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.

Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - делінген штабтың ресми хабарламасында.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4