Жаздың соңғы күндеріне арналған ауа райы: синоптиктер болжамы жарияланды

Найзағай жарқылдап, қатты жел соғады

Sarbaz.kz редакторы
28/08/2023 - 20:47

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 29 тамыз бен 1 қыркүйек күндері аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Синоптиктердің мәліметіне жүгінсек, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Найзағай жарқылдап, қатты жел соғады, жаңбыр, сондай-ақ бұршақ та жаууы мүмкін. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендей береді.

Ауа температурасының ең қатты төмендеуі республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде байқалады. Түнгі уақытта ауа температурасы 3-11 жылыға дейін, күндіз 10-18 жылыға дейін төмендейді», - делінген синоптиктер хабарламасында.

Тек еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кезеңнің басында жылы болады.

Содан кейін 1 қыркүйекке қарай температура түнде 10-15 жылыға дейін, күндіз 20-25 жылыға дейін төмендейді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85