Биыл 60601 әскери бөліміне 20 жыл толып отыр. Бұл – бөлімнің қалыптасуы мен даму жолындағы маңызды белес.
Осы жылдар ішінде әскери бөлім еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлкен үлес қосып, көптеген кәсіби әскери мамандарды тәрбиелеп шығарды. Әскери бөлімнің жеке құрамы жоғары әскери дайындық пен жауынгерлік рухтың үлгісін көрсетіп келеді. Мерейтой қарсаңында салтанатты іс-шаралар өткізіліп, ардагерлер мен қызмет етіп жүрген әскери қызметшілер марапатталды. Бұл күн – Отан алдындағы адал қызмет пен әскери борышқа деген құрметтің көрінісі.
Думан Жұмашұлы