8 шілде – әскери дәрігерлердің төл мерекесі

Бүгін елімізде әскери медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі — Әскери медицина күні аталып өтуде. Бұл күн әскери қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін құрметтеуге арналған.

 

Админ
Кеше, 11:27

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінде де осы салада маңызды қызмет атқарып жүрген білікті мамандар бар. Солардың қатарында Әскери-теңіз күштерінің медицина мамандары 1 сатылы старшина Фирангиз Микаилова,  сержант Феруза Утарбаева, сержант Жаңылсын Жолболды және аға матрос Гүлнұр Мақсотқызының еңбегін ерекше атап өтуге болады.

1 сатылы старшина Фирангиз Микаилова өз пікірінде:  «Мен үшін әр матростың, әр әскери теңізшінің денсаулығы маңызды. Олардың күнделікті жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз етуі, теңіздегі әскери қызметін сапалы орындауы – алдымен денсаулығына тікелей байланысты. Сол себепті алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша әріптестерімізге тұрақты түрде практикалық сабақтар өткіземіз», – деп атап өтті.

Аталған атаулы күн қарсаңында Әскери-теңіз күштерінің бас басқармасы медицина қызметінің бастығы медицина қызметінің подполковнигі Иса Альназаров Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

 Бұл марапат – әскери дәрігерлердің ел қауіпсіздігін сақтау жолындағы өлшеусіз еңбегіне деген жоғары бағаның көрінісі.

×

Редакция

$ 519.58  609.36  6.63