Астана күніне арналған әдеби-сазды кеш өтті

Астана күні мерекесіне орай Ақтас кентіндегі №2 отбасылық оқу кітапханасында ерекше рухани шара өтті. 85510 әскери бөлімінің жеке құрамы «Елімнің жүрегі – Астана» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырып, елорданың өткені мен бүгініне тағзым етті.

Админ
Бүгін, 12:34

Шара барысында әскери қызметшілер мен сарбаздар ел тарихындағы маңызды беттерге шолу жасап, Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі – Астананың қалыптасуы мен дамуына байланысты тарихи деректермен бөлісті. Кешке арнайы дайындалған кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылып, астана туралы құнды басылымдар мен деректер таныстырылды. Кеш барысында сарбаздар патриоттық рухтағы өлеңдер оқып, елорданың мәртебесін арттырған айтулы оқиғаларды еске алды. Әсіресе, «Астана» әнінің шығу тарихы туралы мәлімет көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Кештен ерекше әсер алған сарбаздар елордаға деген ыстық ықыластарын білдіріп, өз ойларымен бөлісті.

Солардың бірі, қатардағы сарбаз Жансерік Нысан былай деп атап өтті: «Бүгін біз үшін ерекше шара өтті. Ел жүрегі – Астана қаласы халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Елордамызда әкімшілік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми және білім беру нысандары, сондай-ақ іскерлік орталықтар мен тұрғын үй кешендері дамыған елдердің астаналарына сай салынуда. Мен тәуелсіз елімнің бүгінгі жетістіктерін мақтан тұтамын»,  деді ол.

  Аталған әдеби-сазды кеш жас сарбаздардың ел тарихына деген құрметін арттырумен қатар, олардың рухани-мәдени дамуына да өз үлесін қосты. Осындай іс-шаралар Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жастардың бойында патриоттық сезімді күшейтіп, елге қызмет етудің абыройлы міндет екенін тағы бір мәрте ұғындырады.

×

Редакция

$ 519.51  611.83  6.6