«Өнер - ұлт келбеті» дейді дана халқамыз. Өнерде шек болған емес, оны түсінудің тілдің де керегі жоқ. Бүгінгі күнде музыкалық домбыра аспабында күй орындау шеберлігімен талайды тамсандырып жүрген өнерпаздардың қатары аз емес.
Домбыраға қызығып күй тартуға тамсанған жандардың саны күнен күнге артып келеді. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе шабуылдаушы қарсы Қорғаныс күштерінің 44841 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Арқат Асхатұлы. Он саусағынан өнер тамған қатардағы жауынгер Арқат Асхатұлы әскер қатарына осы биылғы көктемде шақырылып, жақында ғана 44841 әскери бөлімінің жас сарбаздарымен бірге Әскери ант қабылдады. Қарапайым отбасында дүниеге келген Арқат өнерге құштар болып ер жетті. Білім ошағының 6-шы сыныбында оқып жүргенде Шымкент қалалық Батырбек Өтеп атындағы өнер мектеп интернатында дәріс алып домбырада және өлең жазуға бейімделеді. Бүгінгі күнде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Арқат Сарсенбай есімдері елге кең танылған ақындардың өлеңдерін сүйіп оқиды. Сөзіміз шындыққа жанасу үшін талатты сарбаздың көз алдымызда өз қаламынан өлеңдерін паш етті.
Біздің білетініміз, 2019 жылы Ақмола облысы, Щучинск қаласында өткен жыл сайынғы тұрақты өткізілетін «Ақберген» байқауының бас жүлдегері және де 2022 жылы Павлодар облысы, Екібастұз қаласында өткен Машхур Жүсіпті еске алуға арналған айтыстың бірінші орын иегері. 2022 жылдың ең «Жас ақын» төс белгісінің иегері. Өзі сарбаз бола тұра өнерді тастамаған Арқат әлі талай биіктерді бағындыратыны сөзсіз. Өнерпаз сарбазымыздың әр қашан жолы ашық болсын.
Думан ЖҰМАШҰЛЫ