1 шілдеде Қазақстан Қарулы күштерінде сержант күні атап өтілді.
Сержанттар корпусы Қазақстан әскерінде шешуші рөл атқарады. Сарбаздардың жауынгерлік дағдылары, олардың моральдық жағдайы және іс-әрекеттегі үйлесімділігі кіші командирлерге байланысты. Олар әрқашан сарбаздардың жанында болып, офицерлерге бөлімшелерді басқаруға көмектеседі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері сержанттар күніне орай Әскери-теңіз күштерінің старшинасы, 1 сыныпты старшина Есбол Жаканов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің грамотасымен марапатталды.
Бұл марапат – оның әскери қызметке деген жауапкершілігі мен старшиналар мен сержанттар құрамын кәсіби даярлау ісіне қосқан елеулі үлесінің айғағы. Есбол Жакановтың табандылығы мен тәртіптілігі – барлық старшина үшін үлгі боларлық.
Мұндай марапаттар Қарулы Күштердегі сержанттық құрамның маңызды рөлін айқындайды.