«Жас теңізшілер» әскери-патриоттық клубы «Айбын-2025» жиынында жүлделі орынды иеленді

Ақтөбе қаласында өтіп жатқан ХІ халықаралық «Айбын-2025» әскери-патриоттық жастар жиынында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Жас теңізшілер» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері табысты өнер көрсетті. 

Админ
Бүгін, 10:26

Пневматикалық винтовкадан ату бойынша өткен жарыста 19 команданың арасынан үздік шығып, 3-орынды иеленді. Бұл нәтиже – жас патриоттардың тыңғылықты дайындығы мен әскери машықтарының жоғары екенін дәлелдеді. 

Жиын жетекшісі, 1-сыныпты старшина Болат Райымханов: 

«Жас патриоттардың басын қосқан «Айбын» жиынында теңізшілеріміздің дайындығы жоғары деңгейде. Пневматикалық қарудан ату сайысында шапшаңдық пен дәлдікті көрсетіп, жүлделі орынға ие болдық. Алда да үздік нәтиже көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті. 

«Айбын» жиыны – жасөспірімдердің әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтатын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыратын маңызды алаң. 

Биылғы жиын Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.

×

Редакция

$ 518.5  601.62  6.61