АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері 06708 әскери клубының «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубы «Айбын-2025» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысу үшін Ақтөбе қаласына ең бірінші болып жетті.

Админ
Бүгін, 09:33

«Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Тілек Кенжебеков бастаған жас жеткіншектердің әскери сайыста жеңіске жетсек деген мақсаттары бар. Ендеше, Ақтөбе облысының «Хлебадоровка» оқу-жаттығу орталығына жол тартқан аталмыш әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушілеріне сәттілік тілейміз!
Айта кетейік, 22-28 маусым аралығында Ақтөбе қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді. Оған Қазақстаннан және шет елдерден мыңнан астам жас патриот қатысады.

«Айбын» жиынының басты идеясы – рухани құндылықтарды сақтау, озық дәстүрлерді нығайту, өскелең ұрпақты патриоттық рухта және Отанды қорғауға әркез дайын болуға тәрбиелеу.
 

Думан ЖҰМАШҰЛЫ

×

Редакция

$ 521.57  601.01  6.65