15 сарбаз ант қабылдады

Қарағанды өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасында ерекше әрі салтанатты шара өтті. 15 жас сарбаз әскери ант қабылдап, Отан алдындағы борышын өтеудің алғашқы қадамын жасады. Бұл маңызды сәт сарбаздардың командирлері, туыстары мен жақындарының қатысуымен, патриоттық рух пен мақтанышқа толы атмосферада өтті.

Админ
Бүгін, 10:41

Әскери ант қабылдау – әрбір жауынгер үшін ерекше маңызға ие сәт. Бұл адалдықтың, жауапкершіліктің және ерлікке бастар жолдың бастауы. Жас сарбаздар еліміздің Қарулы Күштерінің ең жауапты құрылымдарының бірі. Әскери полиция сапына қабылданып, өз міндеттерін абыроймен атқаруға серт берді.

 «Бізге әскери ортада құқықтық тәртіпті, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Әскери полицияның бір бөлігі болу – мен үшін үлкен мәртебе. Осы сенімді ақтау үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын»,  деді ант қабылдағаннан кейін қатардағы жауынгер Ерлан Оралов.

  Әскери полиция құрылымы алуан түрлі. Олар әскери қызметшілер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, стратегиялық нысандарды күзету, арнайы жүктерді сүйемелдеу тәрізді міндеттер мен басқа да жауапты жұмыстарды орындайды. Бұл қызмет сарбаздардан жоғары тәртіпті, моральдық тұрақтылықты, физикалық дайындық пен кәсіби шеберлікті талап етеді. Алдағы бір жыл ішінде жас сарбаздар әскери істің қыр-сырын меңгеріп, арнайы дайындықтан өтіп, әскери полиция қызметіне қажетті дағдыларды игереді. Теориялық білімді тәжірибеде тиімді қолдана отырып, олар Қарулы Күштердегі ішкі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсене қатысады. Әскери қызметкерлер бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, әрбір жас жауынгердің саналы түрде абырой, парыз және елге қызмет ету жолын таңдағанын ерекше атап өтті. Бүгін олар өз жолының басында тұр. Бұл жол олардың жеке тұлға ретінде қалыптасып, өз ісінің нағыз маманы болуына зор үлес қосатыны сөзсіз.

×

Редакция

$ 519.55  596.03  6.63