«Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынына сақадай-сай

Жетісу облысының «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубы биылғы өтетін ХI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынына сақадай-сай және жүлделі орын алуға ниетті.

Админ
Бүгін, 00:59

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны осы жылы яғни маусымның 22-ші жұлдызынан 28-ші жұлдызы аралығында Ақтөбе өлкесінде өткізіледі. Ол Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналады.

         «Жетісу тарландары» сәуір айынан бастап әскери-патриоттық жиынына күнделікті тынымсыз жаттығуларын жүргізді. Жиында 10 ұл, 5 қыз өз өнерлерін көрсететін болады және олар он бір түрлі сайыстарға шығып бақтарын сынамақ.   

         «Біздің «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының мүшелері жиынға толықтай дайын. Біз күнделікті дайындықта болып осы аталған жиында жақсы нәтижелер көрсетіп, жүлделі орын алуымыз үшін барымызды саламыз», - дейді «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының мүшесі Ақерке Қасен.

         Ондай болса жалынды жастарға әскери-патриоттық жиында сәттілік пен жеңіс тілейміз.      

   

×

Редакция

$ 518.81  596.27  6.63