Абай гарнизонында әскери жиын басталды

Абай гарнизонының 44293 әскери бөлімінде тыл мамандары әскери міндеттілерінің оқу жиыны басталды.

Админ
Кеше, 07:38

Запастағы әскерилерді дайындау жоспарына сай ұйымдастырылып отырған жиынға жүзден астам әскери міндеттілер шақырылды. Олар Семей, Аягөз қалалары мен Бородулиха аудандарынан келген.

Бір ай көлемінде әскери міндеттілер тыл қызметіне қатысты жанар-жағар май, азық-түлік, киім-кешек, ветеринарлық қызметтері және әскери қатынас мамандықтарды меңгеріп, өз біліктіліктерін жетілдіре түседі.  «Әскери міндеттілер дегеніміз - бұрын әскер қатарында болған қазіргі таңда түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтар. Олардың әскери мамандықтарын игеруге бүкіл жағдай жасалған. Отыз күн ішінде теориялық және тәжірибелік сабақтар арқасында тыл саласының мамандықтарын толық қанды игеріп, жиын қорытындысы бойынша әскер қатарында бос лауазымдарға тағайындалуда қарастырылған», - дейді 44293 әскери бөлімінің штаб бастығы полковник Самат Жиенбаев.

44293 әскери бөлімінде әскери міндеттілер жатын орын, күніне үш рет тамақтану, әскери киіммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар әскери міндеттілер үшін әскери жиын барысында жұмыс орны, атқарылатын лауазымы сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, әскери жиындар әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің деңгейін арттыру, әскери құрылымдарды өрістету, әскери оқыту резервін дайындау және запаста жинақтау үшін бағытталған.

 

×

Редакция

$ 507.8  580.82  6.44