25 тамызда басталған оқу-жаттығу 10 қыркүйекке дейін жалғасады
«Шығыс» түраралық полигонында Абай гарнизоны әскери бөлімдерінің «Шығыс-2023» жедел командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай гарнизонының жеке құрамы оқу-жаттығу алаңына аттанды. Әскери колонналарды әскери полициямен және Ми-17 тікұшақтары қалқалады.
Сонымен қатар оқу-жаттығуларға Өскемен, Аягөз гарнизондарының әскери бөлімдері де тартылып, олар әскери эшелондар бойынша жүк түсіру орнына барып, «Шығыс» полигонына аттануда.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлімінің полктік арнайы тактикалық жаттығуы өткізіледі. Оқу жаттығу бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – полкті жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне көтеру. Полктің күштерімен құралдарын жедел басқаруды ұйымдастыру», - деді 44736 әскери бөлімінің командирі, подполковник Талап Бірбаланов.
25 тамызда басталған оқу-жаттығу 10 қыркүйекке дейін жалғасады.