ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

Админ
Бүгін, 15:28

Бүгінгі ұрпақ өнеге етер өрлікті,

Өз алдына ерек тұрар теңдікті.

Елтаңба, Ту, Әнұраным айбыным,

Ұлықтайды егеменді елдікті.

 

Рәміздердербестіктің айғағы,

Ұлттық рух пен кемелдіктің айдары.

Теңдігі мен рәмізі бар елімнің,

Көтеріліп тұра берер байрағы.

 

Зобалаңның дүбірі тым алыстап,

Кете берсін елім алға қарыштап.

Тілейтінім, бейбітшілік көгінде,

Төл туымыз мәңгі тұрсын қалықтап.

 

Ұлы Абай

 

Қазағымда дара туған бұл ақын,

Өр өлеңмен өсиет еткен дана ақын.

Қара сөзбен кұндылықты жеткізген,

Ұлы Абай деген атқа ие ақын.

 

Көк аспанда күлімдеді азат күн,

Басымыздан өтті талай азап күн.

Қай кезде де бізбен бірге жасаған,

Ақылы асқан ұлы ақыны қазақтың.

 

Ойы терең, асыл сөздің арнасы,

Ғибраты құнын әсте жоймаған.

Ұрпақтан да шыға берсін жалғасы,

Ұлы Абайдай терең ойға бойлаған.

 

  Кіші сержант Берік Ақназарұлы,

 25425 әскери бөлімінің камералдық өңдеу учаскесі камералдық өңдеу постының маманы

×

Редакция

$ 510.19  582.79  6.46