«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

«Тұрақты даму мақсатының 4-бөлімі – Сапалы білім беру» негізінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Админ
Бүгін, 10:27

Конференцияға Сүлеймен Демирел халықаралық универсиеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар универсиеті, Лахор инжерлік және технологиялар университеті (Пәкістан), Ресей Халықтар Достығы университеті, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетімен қатар жиырмадан астам отандық және халықаралық деңгейдегі беделді жоғары оқу орындарынан 250-ге жуық студенттер мен жас ғалымдар қатысты.

Конференцияда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 2-курс курсанттары: Атакан Нұрхан «Ә.Кекілбаевтың «Ханша-Дария хикаясы» повесінің тақырыптық идеясы», Зұлхаш Ермұхамед «Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі елдіктің рухы» және Карпиков Амир «Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі көркемдік шешім» тақырыптарында әскери-патриоттық мазмұндағы ғылыми мақалаларын сәтті қорғап шығып, комиссия қорытындысымен жоғары нәтижелерге ие болды.

Курсанттар Е.Зұлхаш пен А.Карпиков құрмет дипломдармен марапатталса, курсант Н.Атакан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Институтымыздың үздік білімпаздары ел қорғанысының білім, ғылым бағытындағы беделін арттыруға өз үлестерін қосып келеді.

Ұлы тұлғалардың болашақ Отан қорғаушы жастарымызға рухани серпіліс беретін, патриоттық тәрбиенің үздік насихат құралына айналған елге сіңірген қызметтері және халық игілігі үшін атқарған сүбелі еңбектері қай салада да құндылығын жоғалтпақ емес. Институт басшылығы мен кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы курсанттардың болашақта бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуларына, олардың көшбасшылық қабілеттерінің алғашқы қадамдары білім ордасынан бастап шыңдалуына қолдау көрсетіп отырады. Курсанттарды ЖОО аралық білім сайыстарының айтулы аламандарына баптап және ол өз кезегінде нәтижелі жемістерін беріп келеді. Институт басшылығының негізгі мақсаты – терең білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар ұштастырып, үнемі алдыңғы қатарға қою.

 

Гүлсім ӘМЕТОВА,

Мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушысы

 

×

Редакция

$ 510.19  582.79  6.46