ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

Қазақта «Жүзі жылыдан түңілме» деген әдемі сөз бар. Өйткені, адамның жүзі – оның жүрегінің айнасы. Жуырда Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде өткен қызметтік кездесуде осы бір тәмсілдің шынайылығына тағы да бір куә болдық.

Админ
Кеше, 09:03

Аталмыш университеттің бастығы генерал-майор Асқар Досбосынұлы Мұстабековпен өзара әңгімеміз ә, дегеннен-ақ жарасып кетті. Алдымен таныстық. Келгендегі мақсатымызды айттық. Біз «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналында әскери білім мен ғылымды мейлінше насихаттауға ниеттіміз. Соны жеткіздік.

Асқар Досбосынұлы әскери білім саласының кәнігі маманы ғой. Сондықтан біздің бұл ойымызды бірден құп алды. Осы бағыттағы өз жоспарын да ортаға салды. Осылайша, екіжақты шығармашылық, қызметтік байланыстың есігі айқара ашылды.

Кездесу тым ресмиленіп те кеткен жоқ. Арқа-жарқа көңілде әңгіменің тиегін еркін ағыттық. Менімен бірге келген ақылман ағаларым Қойшыбай Есентаев пен Марат Жүніс-Бек те жүздесуге жылы леп сыйлады. Бірі азаматтық, енді бірі әскери журналистиканың ардагері ғой. Айтарлары өте көп. Өмірден білгені де, түйгені де мол. Қысқасы, төртеуміз төл әскеріміздегі білім мен ғылымды газет пен журналда төрге оздыруға уағдаластық. Сөздің түйіні осы.

 

Ерлібай Өзбекбайұлы,

«Гис-Әскери медиа» ЖШС директоры

×

Редакция

$ 510.81  578.59  6.51