Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Приозерск қалалық әкімдігі мен Приозерск гарнизонының бірлесіп жұмыс атқаруы мен Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті
Алдымен, іс-шараға қатысушылар сұрапыл соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Көпшілік жиналғандар алдында Приозерск қаласының әкімі Мансур Талғатұлы мен Приозерск гарнизонының бастығы полковник Дидар Савельев сөз сөйлеп, Ұлы Жеңістің маңыздылығын жеткізді. Іс-шараны жүзеге асыру барысында тыл еңбегінің ардагері Степанчук Людмила Илларионовнаға "1941-1945 ж.ж. Жеңіске 80 жыл!" мерейтойлық медалі табыс етілді. Құттықтаушылар қатарында 15855 әскери бөлімінің әскери қатынастар комендатурасының Сарышаған поселкесіндегі филиалының әскер коменданты капитан Ильгизат Галимуллин болды.