«Айбын-2025» – жас патриоттарды рухтандыратын ұшқын

Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығына әрі Совет Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жыл толуына орай, Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №1 оқушылар сарайында «АЙБЫН-2025» XI  Халықаралық әскери-патриоттық жастар  жиынының Шымкент қалалық  іріктеу кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Админ
Бүгін, 12:00

Іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығы директоры Ш.Айтбаева, Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник А.Шегебаев, 6506 бөлім командирінің орынбасары полковник Б.Шораев және қоғамдық бірлестіктер төрағалары қатысты.

Жиынның салтанатты ашылуында Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығы директоры Ш.Айтбаева сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Әрі қарай Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник А.Шегебаев, 6606 бөлім командирінің орынбасары полковник Б.Шораев мырзалар сөз алып, «АЙБЫН-2025» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қызу дайындықпен келген қатысушыларға жақсы көрсеткіш көрсететіне сенім білдірді.

Аға толқын өкілдері: «АЙБЫН-2025»» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны – мотивацияның, позитивтің, ұмытылмас эмоциялардың, жаңа достардың  мекені», - деп барлық қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді.

    Салтанатты іс-шара Шымкент қаласының  № 68 мектеп оқушыларының «Жас бүркіт» әскери-патриоттық сыныбын құрып, салтанатты ант қабылдап, куәлік тапсыруымен және жобаларды жүзеге асыру мақсатында меморандумдарға қол қойып, қатысушылармен суретке түсіп, конференц залында жалғасын тапты. Аталған іріктеу кезеңіне әскери колледж командасының жетекшілері майор Қаратаев Талгат Жиенқұлұлы пен 2-сыныпты сержант Үйсінбаев Дархан Ибаділдаұлы қатысты.

Егемендік алғаннан бергі аралықта айбынды елдің әскери әлеуеті артып, әскери мамандарды даярлау бағытындағы жұмысы өз деңгейінде жүргізіліп келеді. «АЙБЫН-2025» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының мақсаты, Қазақстан Қарулы Күштерге деген патриоттық және мақтаныш сезімін қалыптастыру, әскери қызметті ардагерлер ерлігін, игі істерін насихаттау және сол арқылы жас ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезімдерін ояту болып табылады.

  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан әрі өркендету – қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы» деп жастарға үміт артатынын және мемлекетіміздің келешегі айбарлы жастардың қолында  екендігін айтты.  Осындай еліміздің  ұлдарын жігерлі де қайсар болуына бағыттаушы «АЙБЫН-2025» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының тигізер үлесі зор.

 Еліміздің көк туын биікке асқақтататын «АЙБЫН-2025» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына Әскери пәндер циклының сержант оқытушысы (денешынықтыру бойынша) 2-сыныпты сержант Үйсінбаев Дархан Ибаділдаұлымен аттанған, ҚР ҚМ Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж ұландары ең үздіктердің ішінен өздерінің мықтылығын үлкен дәрежеде көрсетіп келеді. Атап айтсақ, «АЙБЫН-2025» жастар жиынында барлық қатысушыларының арасында «АЙБЫН ЖҰЛДЫЗЫ» шығармашылық байқау нәтижесінде әскери колледж ұландары командасы, колледждің «Намыс найзагері» атты әнұранын патриоттық рухта орындап,  жүлделі I орынды иеленді. Одан басқа «SMART SARBAZ» байқауында белтемірге тартылудан, әскериленген кросстан жүлделі I орындарға ие болды. «АК-74 қаруын толықтай емес бөлшектеу және жинақтау» бойынша III орынға шықса, «Айбын дарыны» бөлімі нәтижесінде IV орынға шықты.

  ҚР ҚМ Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж ұландары «АЙБЫН-2025» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында барлық командалардың ортасынан жақсы нәтиже көрсетіп, финалда «Бас жүлделі» номинациясының жеңімпазы атанып, тамаша естеліктерге толы сәт пен сарқылмас көтеріңкі көңіл, нағыз достар тапты. Мықтылардың ішінен озып шыққан Сұлтанов Б., Шахаман С., Маров А.,Еркін Т., Өмірәлі Е., Алдаберген Б.,Серік О., Алтынбек Қ., және басқа ұландар да үздіктер қатарынан көрінді.

      «Жеңіс жолында биікке ұмтылған адамның мақсатына жету үшін ең керегі – табандылық пен мықты рух». Соның айқын дәлелі, колледжіміздің мақтанышы болып, әрқашан биіктен көрініп, табандылық танытып, ұйымшылдығымен тәнті етіп, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болған Шымкент әскери колледжі командасының ынтымақтастығы. 

     Бүгінгі күні Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің «Намыс найзагері» атты әнұраны әрбір сөзі мен шумағы терең ойға толы, патриоттық  рух беретін, колледжіміздің әрбір ұландары әрқашан мақтанышпен шырқайтын  колледжіміздің жарқын келбеті болмақ.

… Айбынды  елдің ұландары, «АЙБЫН»  достық мекенінде  мәңгі жаса!

 

Айкен Оспанқұлова,

 Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледж                                                                                 қызметкері 

×

Редакция

$ 516.16  584.86  6.25